Атырау, 10 қаңтар 19:42
 ашықВ Атырау -4
$ 524.75
€ 540.60
₽ 5.12

​Депутат пен блогер арасындағы текетірес сотқа дейін жетті

195 просмотра

Облыстық Мәслихаттың депутаты Сырымбек САРСЕМБАЕВ блогер, қоғам белсендісі Сандуғаш КУКЕНОВАНЫҢ арасындағы дау-дамай сотқа дейін жетті. 

Депутат Кукенованың үстінен ҚР ҚК 209-бабы ("Ұрып-соғу") бойынша облыстық полиция департаментіне арыз түсіріп, бүгінде сот процесі жүруде. Екі рет сот тыңдалымы өтті, бүгінде куәгерлерді тыңдау жүріп жатыр. 

Депутат пен блогер әлеуметтік желіде өзара дүрдараздық өткен жылдан басталды. Кукенова Фейсбук желісінде депутат Сарсембаевтың ҚР Мәжіліс депутаты Дүйсенбай ТҰРҒАНОВТЫҢ Құлсарыдағы су тасқынында еңбегі ескерілуі керек деген жазбасымен келіспей, халықтың арқасында іске іске асқанын алға тартады. Осыдан кейін дау-дамай жалғасып кетеді. 

Сарсембаев нақты атын айтып көрсетпесе де кейбір блогерлерде этика жоқтығын, іскерлік қарым-қатынастың жетіспейтінін сынға алды. Текетірес ушығып, Кукенова AMANAT партиясына Е-өтініші арқылы Сарсембаевпен кездестіруін сұрайды. Бірақ ол жерде де келіспеушілік болмайды, бірін-бірі түсінбеушілік орнамайды. 

Өзінің сұрақтарына жауап ала алмаған Кукенова депутаттың төсбелгісін жұлып алады. Бұдан кейін кеудесіндегі тырнақ іздері бар денесін көрсеткен депутаттың видеосы жарияланды. 

Іс насырға шауып, Сарсембаев блогерді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін полицияға арыз түсіреді. Бүгінде сот процестері жүруде. Ендігі сот 15 қаңтарда өтпекші. Редакция оқырмандарын бұл істің немен аяқталғанын жариялайтын болады. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.