2025 жылғы 10 қаңтар сағат 08:15 шамасында Жамбыл облыстық филиал мамандары “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 159-238 шақырым аралығында Тойота маркалы автокөлік иесін қардан алып шықты, деп хабарлайды ҚазАвтожол.
Атап өтейік, бұл учаскеде көлік қозғалысы жабық. Алайда, жүргізушісі бұл шектеуге қарамай, өз еркімен жолға шығып кеткен.
Полиция қызметкерлері бақылауды күшейту бойынша шараларды күшейтіп жатыр.
Құрметті жүргізушілер! Ауа райының бұзылуына байланысты жабылған жол учаскелерімен жүрмеңіздер, посттарды айналып өтпеңіздер!