Атырау, 20 сәуір 10:26
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Аудан жаңалықтары

2 907 просмотра

Періштесі сақтапты

Құлсары қаласында 8 жасар бала үйдің 3-ші қабатынан құлап, аман қалды.

Бірден ауруханаға жеткізілген баланың миы шайқалып, аяқ, қолдары жарақаттанған. Ол көрсетілген дәрігерлік көмектен соң, бірнеше күннен кейін үйіне жіберілді.

***

 

Мектептерді жөндеу керек

Биылғы жылы Құрманғазы ауданының білім беру мекемелерін жөндеуге облыстық бюджеттен 5 млн теңге бөлінген.

Кесте бойынша аудандағы 6 мектеп, 4 балабақша күрделі жөндеуден өткізілуде. Сондай-ақ, қазір Гагарин, Лабай мектептері мен бір балабақшаның құрылысы басталып кетті.

2014 жылы 15 білім ошағы жөнделеді деп күтілуде. Шалғай ауылдардан келіп оқитын балаларды жеткізу мәселесі де оң шешімін тапты. Аудан мектептеріне 24 млн теңгеге 2 автобус, 2 ГАЗель, 2 УАЗ машиналары сатып алынды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.