Астанада ойыншық қарумен жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
"9 қаңтарда Астанада полиция қызметкерлері Мұхамедханов көшесінде камуфляж киім киген және қаруға ұқсас зат ұстаған адам жүр деген хабарламадан кейін тез арада жасөспірімді ұстады", - деп хабарлады полициядан.
Тексеру барысында анықталғандай, оның қолындағы зат интернет арқылы сатып алынған страйкболға арналған қару макеті болып шықты. Жасөспірім жоспарланған ойынының болмайтынын білгеннен кейін үйіне қайтып бара жатқанын айтты.
Полицияға жасөспірімнің заңды өкілдері шақырылды. Тексеру жүргізілуде.