2025 жылдың 9 қаңтарында Мемлекет басшысы Әділет министрі Азамат Есқараевты қызметінен босатты. Бұл жөнінде Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды", — деп жазылған ресми ақпаратта.
Өз еңбек жолын Есқараев 1996 жылы коммерциялық саудада және Алматыдағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастаған.[
2000–2002 жылдары ол Әділет министрлігінің Заңнама департаментінде бас маман болды. 2002 жылдан 2003 жылға дейін Есқараев сол департаментте бөлім, кейін басқарма басшысы болды.
2003–2005 жылдары аралығында Есқараев Заңға тәуелді актілер департаментіндегі бөлімді басқарып кетсе, одан кейін, 2006 жылға дейін Алматы қалалық әкімдігінің бас инспекторы болды.
Астанаға көшкесін 2006–2007 жылдары ол елордадағы «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметтері департаментінің бас менеджері және 2007 жылы Әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты, Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы қызметтерінде болды.[
2007 жылғы шілдеден 2008 жылға дейін ол Әділет министрі Зағипа Балиеваның көмекшісі болса, одан кейін, 2009 жылға дейін министрліктің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры болды. Оған қоса Есқараев 2012–2014 жылдары Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (ЭҚСЖҚКА) инспекциясының ұйымдастыру-бақылау департаментінің бастығы болған.
2014 және 2019 жылдары аралығында ол Премьер-министр Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. Одан кейін, 2023 жылғы қаңтарға дейін Есқараев Қазақстан премьер-министрі Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды.
2023 жылғы 4 қаңтарда Азамат Есқараев президент Тоқаевтың жарлығы бойынша Әділет министрі лауазымына тағайындалды. Сол жылғы 4 сәуірде ол сол лауазымына қайта тағайындалды. Смайылов үкіметінің отставкасына қарамастан, 2024 жылғы 6 ақпанда Есқараев өз лауазымына қайта тағайындалды.