Атырау, 10 қаңтар 01:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.75
€ 540.60
₽ 5.12

Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттап барады

182 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Қазақстан аумағында сатылатын және жалға берілетін бастапқы, қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz

Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке зер салсақ, соңғы бір жылда (2023 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін) қайталама нарықтағы пәтерлерді қайта сату бағасы 4,2%-ға, ал жаңа тұрғын үйді сату 3%-ға өсті. Өткен жылы абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу ақысы 7,9%-ға өсті.

Өңірлік тұрғыда бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар жылдық мәнде Ақтөбеде – 12,8%-ға, Көкшетауда – 10,1%-ға, Таразда – 10%-ға айтарлықтай өскен.

Қайталама тұрғын үй нарығында баға өсімі бойынша көшбасшылар Атырау (16,9%), Астана (12,9%) және Қонаев қалалары (10,1%) болды. Тұрғын үйді жалдау нарығындағы ең елеулі өсім Талдықорғанда (26,6%), Астанада (25,8%), Шымкентте (18,6%), Оралда (16,8%) және Петропавлда (16,4%) байқалды.

Қараша айымен салыстырғанда 2024 жылғы желтоқсанда абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру бағасы 1,1%-ға, пәтерлерді қайта сату 0,9%-ға, жаңа үйді сату 0,2%-ға өсті.

«2024 жылғы желтоқсанда тіркелген тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 50 046 құрады, оның ішінде 10 488-і жеке тұрғын үйлер бойынша, 39 558-і көпқабатты үйлердегі пәтерлер бойынша жасалған. 2024 жылғы қарашамен салыстырғанда (39 421), тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелерінің саны және сату операциялары 27%-ға өсті», делінген бюро хабарламасында.

Мәмілелер саны бойынша көшбасшылар Астана (9 911 – 19,8%) және Алматы (8 845 – 17,7%) қалалары, сондай-ақ Қарағанды облысы (3 638 – 7,3%) болды. Ең аз транзакция Ұлытау облысында жасалған – 645 (1,3%).

2024 жылғы қарашамен салыстырғанда желтоқсанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 0,2%-ға азайған. Алматы облысынан басқа барлық өңірлерде транзакциялардың өсуі байқалды. Ең жоғары өсім Қызылорда (+70,2%), Жамбыл (+45,3%) облыстарында және Астана қаласында (+42,2%) тіркелді.

Бұл ретте, 2024 жылғы қарашамен салыстырғанда көппәтерлі тұрғын үйлерге жасалған мәмілелердің саны 26,6%-ға (8 302 транзакцияға) өсті. 2024 жылдың желтоқсан айында пәтерлерге қатысты барлығы 39 558 транзакция аяқталды, бұл жалпы көрсеткіштің 79%-ын құрайды. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үйді сатудың негізгі үлесі Астана (24,7%), Алматы (20,7%) және Қарағанды облысына (7,9%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша сатылым бойынша екі бөлмелі пәтерлер көш бастады.

Жеке тұрғын үйлермен жасалған мәмілелердің саны желтоқсанда 28,5%-ға (2 323 транзакцияға) өсті. Барлығы 10 488 транзакция тіркелді. Жеке тұрғын үйлер бойынша жасалған мәмілелер санының ең көп өсімі Қызылорда (+86,2%), Ұлытау (+64,9%) және Шығыс Қазақстан (+57,4%) облыстарында байқалды. Бір айда жеке тұрғын үйлер бойынша транзакциялар санының төмендеуі байқалмады.

Бюро сонымен қатар 2024 жылдың желтоқсан айында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 32,3%-ға өскенін хабарлады (2023 жылғы желтоқсандағы 37 818 транзакциядан).

Мәмілелердің ең көп өсімі Павлодар облысында (72,4%), ең аз төмендеуі – Түркістан облысында (-13,9%) байқалды. 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда транзакциялар санының өсуі байқалады және бұл өсім 16,8%-ды құрайды.

Кеше, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.