Ірі көлемдегі алаяқтық үшін іздеуде болған ер адам Сербияда ұсталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен 2023 жылдың қыркүйек айында үлкен көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған ер адам Сербияда ұсталды.
Бүгін 45 жастағы қаскөй Бас прокуратурамен Қазақстанға экстрадицияланды.
2017 жылы ол Kolesa.kz сайтында қолжетімді бағада арнайы техника сататыны туралы хабарландыру жариялап, ел тұрғынын алдап соққан. Азамат онымен келісімшарт жасасып, 43 млн теңгеден астам ақшасын аударған.