Атырау, 9 қаңтар 22:13
 ашықВ Атырау -3
$ 527.23
€ 544.05
₽ 5.05

ҰҚК есірткі бизнесімен күрес жөніндегі шаралар бойынша есеп берді

Бейнежазба
186 просмотра
Видеодан жасалған скриншот

2024 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл шеңберінде 31 халықаралық және 27 өңірлік жеткізу арнасын жойып, 32 жасырын есірткі зертханасының қызметін бейтараптандырды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі және психотроптық заттар, 4,5 тонна көкнәр сабаны шикізаты және «синтетика» жасау үшін қолданылатын 18 тонна химиялық реагенттер тәркіленді.

«Қара нарықта» тәркіленген есірткінің құны 36 миллиард теңгеден аса бағаланады.

Есірткі қылмыстарын жасағаны үшін 164 адам сотталды.

Қазақстан арқылы есірткіні әкелу және тасымалдау арналарының жолын кесу бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен 25 халықаралық операция жүзеге асырылды.

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.

Видео: ҰҚК баспасөз қызметі

Бүгін, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.