Атырау, 11 наурыз 12:20
 ашықВ Атырау +7
$ 494.84
€ 537.40
₽ 5.58

ҰҚК былтыр 620 қару-жарақ және мыңдаған оқ-дәрі тәркіледі

164 просмотра
Сурет: gov.kz

2024 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп, қару-жарақтарды, оның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланғандарды іздеу және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі. 

Нәтижесінде қарудың қайта айналымының 7 арнасы, сатудың 7 ішкі арнасы және оны жасайтын жасырын 4 цех жойылды.

58 Калашников автоматы, 283 мылтық, 164 тапанша, 115 граната және әртүрлі калибрдегі 15 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.

Қарудың заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.

8 қаңтар, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.