Атырау, 9 қаңтар 08:41
 ашықВ Атырау +1
$ 527.23
€ 544.05
₽ 5.05

«Дроптар» арқылы жасалатын алаяқтық: ІІМ азаматтарды сақ болуға шақырады

122 просмотра
Фото: Polisia.kz.

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті алаяқтық схемаларға қатысу әрекеттері үшін жауапкершілік барын ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Жеңіл әрі жылдам ақша табуға үміттеніп, кейбір азаматтар қылмыстық және азаматтық жауапкершіліктің барын білместіктен, алаяқтарға көмектесіп, «дропперлерге» айналып жатады. 

2024 жылы 1200-ден астам «дропперге» қатысты сот үкімі шықты. Олардың банк карталары арқылы алаяқтардың шоттарына аударылған 1,3 млрд теңге өндірілді, – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай. 

Бұдан басқа, қылмыстық схемаларға қатысқан 56 адам интернет-алаяқтық жасауға көмектескені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 

Ішкі істер министрлігі азаматтарды сақ болуға, оңай ақша табу туралы ұсыныстарға сенбеуге, күдікті әрекеттер туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Кеше, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.