Атырау, 9 қаңтар 03:06
 ашықВ Атырау -3
$ 527.23
€ 544.05
₽ 5.05

Астанада «Еңбек» РМК басшыларының жемқорлық әрекеттері әшкереленді

134 просмотра

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ ЖҚД бірлесіп Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек» ШЖҚ РМК басшыларын бірнеше рет пара алу бойынша әшкереледі, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Бас директордың орынбасары және оның қарамағындағы - құрылыс басқармасының бастығы мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқаны, орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және олар бойынша ақы төлегені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктенеді.

Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда. 

Кеше, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.