«Самұрық-Қазынаның» портфельдік компаниясы – KEGOC 2024 жылы отандық өндірушілерге 19,5 млрд теңгеге қолдау көрсетті, деп хабарлайды компаниының баспасөз қызметі.
Бұл 2023 жылмен салыстырғанда бес есеге көп.
KEGOC инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру барысында жергілікті өндірушілердің өнімдеріне басымдық береді.
Қазақстанның БЭЖ-нің Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту және Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстанның БЭЖ-мен біріктіру сияқты ірі жобалар аясында қазақстандық компаниялардың электр желісі жабдықтары белсенді қолданылады.
Сондай-ақ, компания отандық өндірушілердің арнайы автотехникасы мен кеңсе техникасын сатып алады.