Атырау, 8 қаңтар 04:31
 ашықВ Атырау -4
$ 527.30
€ 544.86
₽ 4.95

Батыс Қазақстан облысында екі баладан метапневмовирус анықталды

475 просмотра

Батыс Қазақстан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, облыста метапневмовирусты жұқтырудың 2 жағдайы тіркелген. Екі жағдайда да науқастанғандар - 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды Ақ Жайық «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Метапневмовирус – көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда таралған классикалық вирустардың бірі. ЖРВИ және тұмау өршіген кезде кеңістікте белсенді таралатын, негізінен ауа тамшылары арқылы берілетін вирус.

Мұның алдында Денсаулық сақтау министрлігінің метапневмовирусқа қатысты түсініктеме бергенін жазған едік. Вирустың бұл түрі адамға жұғатын жаңа инфекция емес. Бұл вирус түрлі елдерде бірнеше ондаған жылдар бойы таралып келеді. Метапневмовирус штаммдары Қазақстанда да анықталған, сондай-ақ басқа да вирустар маусымдық өршу кезінде белсенді болады.

6 қаңтар, 19:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.