Атырау, 8 қаңтар 01:28
 ашықВ Атырау -4
$ 527.30
€ 544.86
₽ 4.95

​125 мыңнан астам сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіленді

383 просмотра

Көрнекі сурет

Полиция Жаңа жыл қарсаңында және мереке күндері өткізілген рейд нәтижесімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың заңсыз саудасы фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар айналымының белгіленген ережелерін сақтауын бақылау мақсатында 2024 жылғы 5 желтоқсан мен 2025 жылғы 3 қаңтар аралығында «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында полицейлер өртке қарсы қызмет бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, сегіз мыңнан астам рейд жүргізді. 1480 заң бұзушылық анықталды.

Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 125 мыңнан астам сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіленді. Отшашуды пайдалану кезінде жарақат алу фактілерін болдырмау мақсатында төрт мыңға жуық ақпараттық материал жарияланды. 

Нұсқаулықта жазылған пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелерін сақтаңыз. Қауіпсіздік шаралары сізге өз өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтауға мүмкіндік береді, – деді ІІМ өкілдері.
6 қаңтар, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.