Атырау, 7 қаңтар 16:18
 ашықВ Атырау -4
$ 527.30
€ 544.86
₽ 4.95

Астана маңында жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

390 просмотра
Сурет: instagram.com/_astana_volontery_lider.kz/

Астананың жанындағы Жібек Жолы ауылында тұрған 42 жастағы Баян Алтынбекованың мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл қайғылы хабарды Астананың «LIDER.KZ» еріктілер тобының адамдары хабарлады.

«Өкінішке қарай, Баянның мәйіті табылды. Оның нақты неден көз жұмғанын сараптама көрсетеді. Жақындары мен отбасына көңіл айтамыз», - деп жазған еріктілер.

Айта кетейік, марқұм 3 қаңтар күні таңғы алты шамасында үстіне ақ тоны мен қара көйлегін, аяғына қара етігін киіп, үйінен шығып кеткені белгілі. Бірақ, ол үйіне қайтып оралмаған.

5 қаңтар, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.