Американың Детройт қаласында үйлер 1 долларға сатылуда. Дегенмен америкалық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, осындай сомаға да сатып алушылар табылмай отыр, деп ақпарат таратты YTPO.ru.
Көптеген құрылыс нысандарын банктер сатылымға ұсынуда. Олар осы үйлерді берешектері үшін иелерінен тартып алған, енді олардан қайта құтыла алмай отыр, себебі бұл тұрғын үйлер үшін салық төлеу керек. Айта кететіні Детройт қаласында жылжымайтын мүлікке салынатын салық елдегі ең жоғарғы салық болып табылады. АҚШ-тың автокөліктер астанасы 40 жыл бұрын құлдырай бастады. Сол кезде америкалық автоөнеркәсіптің жағдайы нашарлаған еді. Детройттың бюджеттік дефициті $380 млн құрайды, ал жалпы берешегі $17 - $20 миллиард сомасына жетіп отыр. Қала билігі шілде айының ортасында сотқа Детройт қаласын банкрот деп танысын деген өтініш жасады.
Дереккөз: bnews.kz