Блогер Ақтаудағы ұшақ апатын дронмен түсіргені үшін қамауға алынған еді, деп хабарлайды Orda.kz.
Блогер Азамат Сәрсенбаев 10 күннен кейін уақытша ұстау изоляторынан босатылды.
Сәрсенбаев Ақтаудағы ұшақ апатын дронның көмегімен түсіргені үшін әкімшілік жаза алған еді. Маңғыстау облысының Түпқараған аудандық соты блогерді 10 тәулік қамауға алу туралы қаулы шығарды.
Ол құқық қорғау органдары қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін кінәлі деп танылды.
Блогердің адвокаты Сәрсенбаевтың іс-әрекеті қоғамды ақпараттандыруға бағытталғанын және ешқандай жаман ниеті болмағанын атап өтті.