Атырау, 14 желтоқсан 10:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

​Тоқаев бірқатар елшіні тағайындады

471 рет қаралды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елшіні тағайындады, деп хабарлайды Ақорда. 

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Асқар Жеңісұлы Жеңіс Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.


5 қаңтар, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.