Алматы, Астана, Балқаш, Павлодар, Өскемен қалаларында қолайсыз мереорологиялық жағдай қалыптасып, ауа шамадан тыстануы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше ауа сапасының нашарлауына баяу жел мен тұман әсер етеді. Бұл – қысқа мерзімді метеорологиялық жағдай.
Мамандар ауа сапасы нашарлаған жағдайда тұрғындарға далада ұзақ уақыт жүруге, автокөліктердің жанында ұзақ уақыт тұрмауға, өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүруге, далада спортпен шұғылданбауға кеңес береді.