Ақтау тұрғыны 2 қаңтарда түскі уақытта Rixos қонақ үйінің жағажайында өлі құстарды байқаған. Lada.kz жазуынша, құстар жағажай бойымен шамамен 500 метрге жерге дейін шашылып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Lada.kz тілшісінің сұрағына жауап берген жергілікті тұрғын, ол жерде өлі балықтар немесе балық аулау торларын көрмегенін айтқан.
Құстарды тапқан жерге экология саласындағы мамандар аттандырылған. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің аймақтық инспекциясы құс өлімінің себебін анықтау үшін инспекторларды жіберген.
Орнитолог Мәлік Нүкісбековтің айтуынша, фотосуреттегі құстар – осы өңірде ұялайтын кішкентай сұқсыр үйректер.