Атырау, 5 қаңтар 05:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 525.11
€ 546.74
₽ 4.88

​Қазақстан мен Өзбекстан арасында теміржол желісі ашылады

627 просмотра

Дарбаза–Мақтаарал жаңа теміржол желісі Қазақстан мен Өзбекстан арасын жақындатады, деп хабарлайды «Самұрық-Қазынаның» баспасөз қызметі.  

Жаңа теміржол желісінің құрылысы жүк тасымалын қазіргі Сарыағаш-Ташкент учаскесінен жаңа желіге ауыстыруға, «Сарыағаш» станциясының жүктемесін азайтуға және Өзбекстанға экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл мақсатта «Самұрық-Қазынаның» портфельдік компаниясы – «Қазақстан темір жолы» 286 миллиард теңгеге инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр.

Дарбаза-Мақтаарал жаңа желісі Түркістан облысының екі шалғай ауданы – Мақтаарал және Жетісай аудандарын Қазақстанның басқа аймақтарымен байланыстырады.

Бүгінгі таңда 203 шақырым жолдың шамамен 100 шақырымына рельс-шпалды тор төселді; 9,5 млн текше метр жер қазу жұмыстарының 1,4 млн текше метрі (немесе 15%) орындалды. Жобаға 46 жол-құрылыс техникасы мен 70-тен астам адам жұмылдырылды.

Теміржол құрылысына жергілікті өндірушілердің материалдарын қолдану жоспарланған. Құрылыс кезеңінде 3400 уақытша жұмыс орны, ал 2027 жылы қолданысқа берілетін кезде 500-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылады.

2 қаңтар, 22:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.