Атырау, 10 қазан 15:46
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Көпірдегі жанкешті трюк

3 877 просмотра

Бүгін, 30 шілдеде 17 сағат 45 минутта Атырау қаласының орталық көпірінен 18 жастағы жергілікті жасөспірім Жайыққа секіріп, суға батып кетті. Сол кезде досы оның суға секіргенін ұялы телефонының камерасына түсіріп алыпты.

Жанкешті атыраулық «тарзандардың» жазғы кезде бұл көпірден осылайша секіретінін жиі көруге болады. Өте қауіпті трюк бұл жолы қайғылы аяқталды: суға секірген бозбала судан сүңгіп шыға алмады.

ТЖ департаментінің мәліметтерінде хабарланғандай, «қайғылы оқиғаның куәгері есеңгіреп қалып, суға кеткен нақты жерін атай алмады». Жігіттің денесін судан құтқару стансасының қызметкерлері судан 18 сағат 45 минутта алып шықты.

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын 17 шілдеде орталық көпірден Өзбекстанның 25 жастағы азаматшасы секіріп кеткен еді. Оны құтқарып үлгерген болатын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 шілде 2013, 22:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.