Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2024 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілсін.
2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын", - делінген Президент қол қойған өкімде.