Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа жыл мерекесін қайда және қалай қарсы алатыны туралы журналистердің сұрағына ҚР президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли жауап берді.
«Мемлекет басшысы Жаңа жылды еліміздің миллиондаған азаматтары секілді өз шаңырағында, туыстарымен бірге мерекелік дастарқан басында қарсы алады. Президенттің Жаңа жылда шетелге шығу немесе демалу туралы жоспары жоқ.
Қасым-Жомарт Кемелұлының демалысқа уақыты тапшы деуге болады. Президент мереке күндері де жұмыс істейді, құжаттар қарайды», - дейді Берік Уәли.