Қазіргі уақытта кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау өзекті және мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің 10-бабына сәйкес мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу барысында адам факторын алып тастау мақсатында 2023ж. бастап рейтингтік - балдық тәсіл енгізілген, алайда бұл тәсілмен өткізілген конкурстардың нәтижелеріне шағымдар өсуде.
Жеңілген тарап конкурс нәтижелерімен келіспегендіктен, қарсылас ұсынған құжаттардың толық көлемде тапсырылмағанын дәлелдей отырып, қорытындыларға шағымданады.
Электрондық депозитарийлерде көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтерді конкурстық өтінімдерге дұрыс енгізбеу осы санаттағы істер бойынша талап-арыздарды қанағаттандыру үшін негіз болып табылады.
Бұл ретте, жергілікті соттармен әлеуетті өнім берушілердің техникалық ерекшелікті немесе басқа құжаттаманы толтырмаған жағдайда веб-порталдың функционалы тиісті сатып алу бойынша өтінім беруге мүмкіндік бермейтінін ескермеген.
ҚР Жоғарғы соты Түркістан облысы прокуратурасының осы санаттағы әкімшілік істер бойынша 2 кассациялық өтінішін қанағаттандырды, осылайша біріңғай құқық қолдану практикасы белгіленді.