Атырау, 2 қаңтар 17:25
 бұлттыВ Атырау +2
$ 525.11
€ 546.74
₽ 4.88

Жаңа жылда ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы

460 просмотра
Фото: freepik.com

Синоптиктер Қазақстанда 2024 жылдың 31 желтоқсаны мен 2025 жылдың 2 қаңтары аралығында ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның көп бөлігінде ауа райына Скандинавия түбегі аймақтарынан келген циклон ықпал етеді, соған байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі: елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар, боран, 1-2 қаңтарда күшті жел болжанады, ал батыс, оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі.

31 желтоқсанда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Қазақстан бойынша желдің күшеюі және тұман күтіледі.

"Елдің көп бөлігінде ауа температурасының жоғарылауы күтіледі: батыста түнде -5°C-тан +5°C-қа дейін, күндіз -3°C-тан +10°C-қа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде -2°C-тан -13°C-қа дейін, күндіз -7°C-тан -2°C-қа дейін, шығыста түнде және күндіз -0°C-тан -8°C-қа дейін, ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында температурада күрт өзгерістер күтілмейді", – делінген хабарламада.


30 желтоқсан 2024, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.