Атырау, 16 сәуір 09:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 474.08
€ 558.28
₽ 6.26

Тоқаев білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

843 рет қаралды
Сурет: ChatGPT

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, құжаттағы жаңа нормалардың бірі – балаларды отбасына орналастырудың жаңа формасының енгізілуі. Білім вице-министрі Еділ Оспанның түсіндіруінше, егер бала ата-анасыз қалса, ол бірден интернаттан бұрын, қамқоршы отбасына жіберіледі. Әр балаға сапалы қамқорлық көрсету үшін бір отбасында төрт баладан аспауы тиіс.

30 желтоқсан 2024, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.