Шымкентте полиция есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласының 58 жастағы тұрғыны мен Жамбыл облысының 51 жастағы тұрғыны ұсталып, олардан 30 келіге жуық кептірілген марихуана тәркіленді. Бұл есірткі заттарын олар 1,5 миллион теңгеге сатпақ болған.
Қазіргі таңда жайт бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауда.