Байзақ ауданының тұрғыны марихуананы аса ірі көлемде сату мақсатында сақтағаны үшін құрықталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Жамбыл облысының прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп есірткі қылмысының алдын алу және онымен күресу жұмыстарын күшейтуде.
Байзақ ауданы прокуратурасының үйлестіруімен Жамбыл облысы ПД-нің Есірткі қылмысымен күрес басқармасы ауданның 51 жастағы тұрғынын аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен ұстады.
Күдіктінің үйін тінту кезінде салмағы 15 келіден асатын марихуана табылып, тәркіленді.
Соттың санкциясымен ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (аса ірі мөлшерде сату мақсатында есірткі заттарын сақтау) күдікті тұлғаға «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.
12.12.2024 жылы аудан прокуратурасы қылмыстық іс бойынша айыптау актісін жасап, істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберді.