Атырау, 2 қаңтар 20:49
 ашықВ Атырау +2
$ 525.11
€ 546.74
₽ 4.88

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының әкімі тағайындалды

310 просмотра

Бүгін, 30 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы аудандық мәслихатының депутаттарына ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген аудан әкімі лауазымына осыған дейін облыс әкімінің орынбасары болған Қанат Құлжановты ұсынды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігі.

Қанат Құлжанов 1979 жылы Жаңаөзен қаласында туған, білімі жоғары. 2001 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Маңғыстау облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу орталығының бас маманы лауазымынан бастады. 

2002-2007 жылдар аралығында Жаңаөзен, Ақтау қалаларында прокуратура саласында қызмет етті. 

2007-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында Хатшылықтың Бас Прокурорының аға көмекшісі лауазымына дейін көтерілді.

2012-2016 жылдар аралығында Байқоңыр қаласының прокуроры, 2016-2018 жылдары Қызылорда облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2018-2019 жылдар аралығында Бас көлік прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы және Бас көлік прокурорының халықаралық байланыстар жөніндегі аға көмекшісі, Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінің Ұйымдастыру жұмысы басқармасының бастығы лауазымдарын атқарды.

2019-2023 жылдары «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры және бас директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

2023 жылдың ақпан айынан бастап осы күнге дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.

Депутаттар облыс әкімі ұсынған кандидатты қолдады.

Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай Қанат Құлжановқа ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

30 желтоқсан 2024, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.