Атырау, 1 қаңтар 23:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 525.11
€ 546.74
₽ 4.88

Тоқаев қазақстандықтарды Azal ұшағының жолаушыларын құтқарғаны үшін марапаттады

288 просмотра

Бұл туралы 29 желтоқсан күні кешке Ақорда хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Azal компаниясына тиесілі ұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккен адамдарды құтқару кезінде ерлік, кәсібилік және азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Маңғыстау облысы полиция департаментінің криминалисі Айбек Әлібаев Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын», Маңғыстау облысы ТЖД Басқұдық ауылы №12 өрт сөндіру бөлімінің командирі Серікболат Оңғар Рақымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының орталық меңгерушісі Бақытжан Қойбеков пен Ақтау халықаралық әуежайы медициналық бекетінің меңгерушісі Ирина Кочергина «Құрмет» ордендерімен марапатталды.

«Ерлігі үшін» медалімен Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының фельдшері Тимур Қисаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының Маңғыстау облысы бойынша филиалының дәрігері Оспан Оразбеков, «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалындағы «Вышка» диспетчерлік бекетінің диспетчері Ярослав Толстиков, «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» акционерлік қоғамы Ақтау электр желілер ауданының шебері Нұралы Шопанов марапатталды.

Ақтау халықаралық әуежайының қызмет бастығының орынбасары Бекболат Жұмағұлов, ҚР Әділет министрлігі «Сот сараптамалары орталығы» Маңғыстау облысы бойынша филиалының маманы Эльдар Оразалиев «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері атанды.

Сонымен қатар 51 адамға Президенттің Алғысы жарияланды.

30 желтоқсан 2024, 01:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.