Атырау, 1 қаңтар 12:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 525.11
€ 546.74
₽ 4.88

​Ресейдің арнайы қызметі Тоқаевтың ұлына қарсы операция әзірледі — Христо Грозев

473 просмотра

Белгілі болгарлық зерттеуші-журналист Христо Грозев 27 желтоқсан күні кешке Украинаның 24 арнасына берген сұхбатында Лондон сотында Тоқаевтың ұлына қарсы дайындалып жатқан арнайы операцияларға қатысты дәлелдер ұсынылғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Христо Грозевтің айтуынша, қазір Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар «онша емес».

«Жақында ағылшын сотында ресейлік арнайы қызмет 2023 жылға дейін Қазақстан президентінің ұлына қарсы арнайы операциялар дайындап жатқаны туралы ақпарат пен дәлелдер жарияланды», - деді Христо Грозев.

Христо Грозев айтып отырған істі Лондонның Орталық қылмыстық соты қарап жатыр. Болгарияның бірнеше азаматы Ресей барлауына жұмыс істеді деп айыпталып отыр.

Жиындардың бірінде барлаушы топ мүшелерінің Қазақстан президентін қалай жамандамақ болғаны туралы мәліметтер белгілі болды. Қазақстанға жасалған ақпараттық шабуылдың нысанасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы Тимур болуы мүмкін.

Олар Астанаға ықпал ету үшін президенттің ұлына қарсы айыптайтын дәлелдер ойлап таппақ болған.

29 желтоқсан 2024, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.