Атырау, 21 маусым 21:13
 дождьВ Атырау +28.7
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

AZAL ұшағындағы оттегі баллонының жарылуы туралы мәлімдемені Көлік министрлігі нақтылады

1 098 рет қаралды

ҚР Көлік министрлігі AZAL ұшағындағы оттегі баллонының жарылуы туралы мәлімдемені нақтылады. 

"Ростов ұшу жетекшісінен сағат 10:53-те түскен хабарламаға сәйкес, Ақтау мұнарасының ұшу жетекшісіне жолаушылар кабинасында оттегі баллоны жарылғаны және жолаушылардың есінен танып жатқаны туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ қону сәтіне жедел жәрдем дайындау сұралды.

Осы ақпарат негізінде барлық төтенше қызметтер шұғыл түрде хабардар етіліп, дайындыққа келтірілді. Оқиғалардың хронологиясы Ростов ұшу жетекшісінің хабарламаларына сүйене отырып, брифинг барысында жарияланды", - деп хабарлады ҚР Көлік министрлігі. 

27 желтоқсан 2024, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.