Атырау, 19 сәуір 06:29
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Израиль-Палестина келіссөздері басталды

1 555 просмотра
Израиль-Палестина келіссөздеріне қатысушылар. Вашингтон, 29 шілде 2013 жыл.Израиль-Палестина келіссөздеріне қатысушылар. Вашингтон, 29 шілде 2013 жыл.Израиль мен Палестина үш жылдан бері бірінші рет келіссөздерді қайта бастады.

Израиль жағынан келіссөздерді жүргізуші, Израиль әділет министрі Ципи Ливни мен Палестина жағынан Саиб Арикат, АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри келіссөздерді бастау үшін дүйсенбі күні кешке Вашингтонда мемлекеттік департамент кеңсесінде мұсылмандардың ауызашар дастарханына жиналды.

Әзірге келіссөзге қатысушы тараптардың ешқайсысы кездесу туралы ештеңе деген жоқ. Ливнидің айтуынша, Керри "келіссөздер табысты болуы үшін кездесуде не айтылғаны туралы әзірге хабарламай қоя тұрғанды жөн көрген". 

Кездесуге Керри келіссөздердегі АҚШ-тың арнайы өкілі ретінде тағайындаған Мартин Индик те қатысты.

Джон Керри бүгін осы кездесуге байланысты мәлімдеме жасамақ.
 
Дереккөз: azattyq.org
30 шілде 2013, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.