
Azerbaijan Airlines компаниясының ұшағының апатқа ұшырау оқиғасын тергеу ісіне қатысу үшін Ақтау қаласына Embraer әуе кемесін өндіруші зауытынан арнайы өкілдер келді, деп хабарлайды көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
"Бразилиядан Ақтау қаласына Чикаго Конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттан арнайы өкілдер келді. Тергеп-тексеру жөніндегі Комиссия авиациялық оқиға орнына барып, алдағы жұмыстарды айқындады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, алдағы күндері елімізге CENIPA өкілдері (авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы) келеді деп күтілуде, деп қосымша ақпарат берді ведомстводағылар.
В Атырау -5