Атырау, 14 желтоқсан 15:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

​Алматыда есірткі жарнамалаған Telegram-арналарының қызметі тоқтатылды ​

938 рет қаралды

Алматы қаласының прокуратурасы есірткі және психотроптық заттарды жарнамалауды және сатуды жүзеге асырған 22 Telegram-арнасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Бұл арналарға қатысушыларға тыйым салынған заттарды сатып алу ғана емес, сонымен қатар «закладчик» ретінде заңсыз қызметпен айналысу ұсынылғаны анықталды.

Сот Жетісу ауданы прокурорының аталған интернет-ресурстарға тыйым салу туралы талап-арызын қанағаттандырып, олардың қызметі тоқтатылды.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды жедел шаралар қабылдау үшін есірткі тарату фактілері және өзге де құқыққа қарсы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

27 желтоқсан 2024, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.