Атырау, 29 наурыз 11:14
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Мердігерлер изоляторға қамалды

1 804 просмотра

Қала прокурорының көмекшісіне 2 млн теңге мөлшерінде пара бермек болған Атырау қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің инспекторынан басқа, ол мүдделерін қорғап, әрекет еткен мердігер мекемелердің басшылары да жауапкершілікке тартылады.

Естеріңізге салсақ, 17 маусымда қала прокуратурасының ғимаратында терможаңғырту бағдарламасы шеңберінде үйлерге жөндеу жүргізген бірнеше мердігер мекемелердің мүддесін қорғаған тұрғын үй инспекторы пара беру кезінде қолма қол ақшамен ұсталған еді Пара берем деп тұтылды» жарияланымын қараңыз).

15үйге жөндеу жүргізу кезінде мердігерлер құрылыс материалдарын әжептәуір үнемдепті, бұл сапасына әсер еткен. Бұдан басқа, жұмыс техникалық қадағалау өкілінсіз қабылданған. Осы барлық заң бұзушылықтар үшін құрылысшылар заң алдында жауап беруі тиіс еді. Жауапкершіліктен қашып құтылғысы келген бірнеше мердігер тұрғын үй бөлімінің инспекторынан прокуратура қызметкеріне пара беруді ұсынған. Қолма қол ақшамен ұсталғаннан кейін сол күні оған қарсы ҚР Қылмыстық кодексінің 312-бабының 4-тармағы («Пара беру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді жөндеушілердің өздеріне де кезек келді.

– 18 шілдеде мердігер мекемелердің бірнеше басшылары ұсталды. Оларға қарсы ҚР ҚК-нің 312-бабының 4-тармағының «а» және «б» тмармақшалары («адамдар тобының алдын ала сөз байласып ірі мөлшерде пара беруі») бойынша қылмыстық істер қозғалды, - деп хабарлады қала прокурорының көмекшісі Саид ӘЖМҰХАМЕДОВ.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Атырау облыстық прокуратурасының арнайы прокурорлары алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

29 шілде 2013, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.