Атырау, 25 желтоқсан 23:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

​Жерге қатысты қулық әрекет жасады деп айыпталған Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаевқа үкім шықты

Бейнежазба
389 просмотра

Бүгін, 25 желтоқсанда Атырау қалалық №2 соты қаланың экс-әкімі Қайрат Оразбаев пен оның бұрынғы қол астындағы қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды.

Қ.Оразбаев ҚР Қылмыстық кодексiнің 361-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған үш жылға бас бостандығын шектеу  жазасы берілді. Мемлекеттік наградалар мен «Құрмет» орденінен айырылды.

Үйқамақ алынып тасталды.

Қайрат Оразбаев үкіммен келіспейді және үкімге шағымданбақшы.

Оразбаев 2023 жылы 9 қарашада ұсталды. Оған 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. 2023 жылғы 22 желтоқсанда денсаулығына байланысты бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды.

2023 жылдың қыркүйегінде жер қатынастары, сәулет бөлімдерінің және қала әкімі аппаратының бұрынғы басшылары қамауға алынды. Олар жер телімін бөлу және нысаналы мақсатын өзгерту кезінде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Кейін анықталғандай, әкімдік қызметкерлері 2020-2022 жылдар аралығында рекреациялық аймақтарға (жасыл алаңдар, саябақтар, скверлер, жағалаулар) қатысты жер телімдерін жеке құрылыс салуға заңсыз берген. Оразбаев 2020 жылдың қаңтарында Атырау қаласының әкімі болып тағайындалды, бірақ екі жылдан кейін бұл қызметтен кетті.

Айнұр САПАРОВА

Сурет пен видеоны түсірген автор

Бүгін, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.