Қырғызстан шетелдік азаматтар үшін электронды виза енгізбек. Жогорку Кенеш қабылдаған «Сыртқы миграция туралы» заңға енгізілген түзетулерге 26 шілде күні Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Электронды виза – бұл Қырғызстанға кіру, оның аумағында болу, көлікпен жүру немесе шығу үшін шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғалар ұсынатын құқықты құжат түрінде растау.
Электронды визаны рәсімдеу және беру тәртібін Қырғызстан үкіметі анықтайды.
Құжатқа сәйкес, шетелдік азамат виза алу үшін интернет арқылы Қырғызстанға сұраныс жібере алады. 72 сағаттың, яғни 3 күннің ішінде оған жауап беріледі. Өтінім қолдау тапса жіберушіге шекара бақылауынан өту кезінде ұсынылуы тиіс арнайы код беріледі.
Дереккөз: bnews.kz