Атыраулық танымал композитор Болат ҚОХАМАНОВ Атыраудағы ойын-сауық орындарына өзге қалалардан «жанды» әуенмен келген музыкалық ұжымдарды сынға алды.
– Жалпы, Атырау мейрамханаларындағы қызмет көрсету деңгейі мен ас мәзірінің жақсарып келе жатқанын байқаймын, бірақ музыка... Әр мекеме өз клиенттеріне таза әуен бар деп сендіруге асығады. Бірақ ол мүлдем олай емес.
Музыкант әрі мұнайшылар қаласының бейресми әнұраны «Атырау – арман» әнінің авторының айтуынша, «playback» деген ұғым бар. Бұл ансамбльдің «жанды» дыбысымен қатар сандық құрылғыдан ойнатылатын фонограмманың бір бөлігі.
- Ән толығымен -1 режимінде: яғни дауыссыз аспапта жазылады. Мұндай музыка ойнап жатқанда, өзіне сенімді музыканттар бұл музыканың жанды екенін көрсету үшін кейде түпнұсқа тректен тыс дыбыс шалып, ойнайтындай кейіп танытады. Әдетте, мейрамхана немесе клуб иелері мұндай жобалардың арзанына қызығып, Астанадан немесе Алматыдан шақырады. Іс жүзінде, мұндай ансамбль - гаражда бас қосып, тез арада осындай топты жинап, ән айтатын, яғни «фанерамен» орындайтын екі-үш жігіттен құралады. Мекеме иелерінің осындай топтардың өздерін алдап жатқанына мән бермейтіні өте өкінішті, - дейді композитор.
Б.Қохамановтың пікірінше, мамандығына байланысты мұндай топ вокалисттерінің шынымен де жақсы дауысы барын жиі байқайды. Өйткені вокал - ұжымның бет-бейнесі. Ал репертуар көңіл көншіте бермейді.
- Әдемі киінген жас жігіттер мұнда да «құлақ» барын білмей, Атырауға төңкеріс жасауға келеді. Менің ойымша, ең алдымен тыңдармандарын құрметтеу керек, – деп түйіндеді Болат Қайырғалиұлы.
Айтпақшы, сондай кештердің бірінде Атырау орталығындағы жанды музыка ойнап тұрған қала мейрамханаларының бірінде Болаттың досы, профессор, эстрадалық-симфониялық оркестрдің дирижері әрі директоры музыканттарға жақындап, оларға тыңдаушыларын сыйламағаны үшін ескерту жасамақ болған. Жігіттер кешірім сұрамақ түгілі, күзетшілерді шақырған соң, маэстроға кетіп қалуға тура келді.
Айта кету керек, қазір Атырауда корпоративтік кештер қызу өтіп жатыр. Бәлкім, келген «лабухтар» сізге не ойнап жатқанын тыңдап көрген жөн шығар?
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА