Әкімшілік басшысы болып Ахмед аш-Шара тағайындалды, ал премьер-министр қызметін Мұхаммед әл-Башир атқарады, деп хабарлайды Kazinform Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Aгенттіктің хабарлауынша, жаңа әкімшілікте жауапкершіліктерді бөлу негізінен аяқталды, бірақ күн талабына сай жаңа министрліктер құрылып, жаңа тағайындаулар жасалуы мүмкін.
Жауапкершіліктер келесідей бөлінді:
Әкімшілік басшысы Ахмед аш-Шара, премьер-министр Мұхаммед әл-Башир, сыртқы істер министрі Эсаад Хасан Шейбани, ішкі істер министрі Мұхаммед Абдуррахман, әділет министрі Шади әл-Вейси, ақпарат министрі Мұхаммед Якуб әл-Омар, денсаулық сақтау министрі Махир Шара, Ауыл шаруашылығы және ирригация министрі Мұхаммед Таха әл-Ахмад, Білім және кәсіби даярлау министрі Незир Мұхаммед әл-Қадири, жергілікті өзін-өзі басқару және қызмет көрсету министрі Мұхаммед Абдуррахман Муслим, қайырымдылық істері министрі Хусам Хадж Хусейн, жоғары білім министрі Абдулмуним Абдулхафиз, Экономика және сауда министрі Басиль Абдулазиз және әйелдер істері басқармасының басшысы Айша әл-Дибс.