Атырау, 25 желтоқсан 06:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Атырау-Астрахань трассасындағы көпір қайта жаңғыртудан өтеді

316 просмотра

Атырау-Астрахань трассасынан қалаға кіреберістегі теміржол арқылы өтетін автокөлік көпіріне 2025 жылы қайта жаңғырту жұмыстары басталады. 

Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде теміржол көпірін қайта жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, мемлекеттік сараптаманың мақұлдаған қорытындысы алынған.  

Айта кетсек, бұған дейін Атырау қаласындағы көпірлердің жағдайы туралы жазған кезде, жүргізушілер Атырау-Астрахань трассасынан қалаға кіре берістегі теміржол көпірінің де тозығы жетіп тұрғанын және көпір үстіндегі шұрық-тесіктерден қашатын жер жоқ екенін жазып, шағымданған еді.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Кеше, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.