Атырау, 25 желтоқсан 01:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Байден федералды соттар өлім жазасын кескен 40 адамның 37-сінің жазасын жеңілдетті

195 просмотра

АҚШ президенті Джо Байден федералды соттар өлім жазасын кескен 40 адамның 37-сінің жазасын жеңілдетті, деп жазады Азаттық радиосы.

Бұл туралы CBS арнасы мен басқа да америкалық ақпарат құралдары хабарлады. Бұл 37 адам өмірінің соңына дейін түрмеде отырады және олар мерзімінен бұрын босап шыға алмайды.

"Жек көргендіктен жаппай қырып-жойды" деген айыппен өлім жазасына кесілген үш адамның жазасы күшінде қалды. Олардың арасында 2013 жылғы Бостон марафоны кезінде теракт жасады деп сотталған Джохар Царнаев бар.

2013 жылғы 15 сәуірде Бостон марафоны кезінде болған жарылыстан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланған. Сот бұл шабуылды ағайынды Тамерлан мен Джохар Царнаевтар жасады деп тапты. Тамерлан полициямен атыс кезінде қаза тапқан.

Бостандағы теракт ісі бойынша 2015 жылы Қазақстанның екі азаматы жауапқа тартылған. Царнаевпен Дартмут университетінде бірге оқыған Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов "Царнаевтың жарылысқа қатысы бар екенін дәлелдейтін айғақтарды жоюға тырысты" деп айыпталып, сотталған. Олар Қазақстанға оралған.

Кеше, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.