Атырау, 1 қазан 22:40
 дождьВ Атырау +20.4
$ 440.86
€ 500.77
₽ 5.27

Теңізде екі жұмысшы құрылыс сатысынан құлап кетті

2 790 рет қаралды

Облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 27 шілдеде сағат 11-де Теңіз кенішіндегі 500.3 КТЛ-2 қондырғысында құрылыс сатыларын бұзу кезінде 5 метр биіктіктен «Денхолм Жолдас» ЖШС-нің 36 және 47 жастағы екі жұмысшысы құлап кеткен.

Зардап шегушілер жедел жәрдеммен «Теңізшевройл» ЖШС-нің емханасына, ал ол жерден тікұшақпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта жапа шегушілердің бірі жансақтау бөлімінде, ал екіншісі «жабық бас сүйек-ми жарақаты мен омыртқаның заықымдануы» диагнозымен нейрохирургия бөлімшесінде жатыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 шілде 2013, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.