Облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВТІҢ өкімімен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына Полымбет ХАСАНОВ тағайындалды. Ол бұған дейін кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында басшы болды, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Полымбет Хасанов 1980 жылы Индер ауданында дүниеге келген. Қазіргі заманғы гуманитарлық университетінде «Заңгер» мамандығын тәмәмдаған. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экономика және басқарудағы бизнес-аналитика мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2002-2005 жылдар аралығында облыстық Ішкі істер департаменті жүйесінде жұмыс істеп бастаған. Кейін 2005-2006 жылдар аралығында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде бас маман; 2006-2010 жылдар аралығында облыс әкімі аппаратында бас маман, облыс әкімінің бас инспекторы; 2010-2014 жылдар аралығында Мақат ауданы әкімдігінде аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары лауазымдарында болған.
2014 жылы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары; 2014-2019 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы, кейіннен Атырау қаласы әкімінің орынбасары; 2019 - 2021 жылдар аралығында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары; 2021 - 2023 жылдар аралығында Исатай ауданы әкімі;
2023 жылдан бүгінгі тағайындауға дейін облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметін атқарды.