Солтүстік Корея Ресей-Украина соғысында 1100 адамынан айырылды. Бұл ақпаратты Оңтүстік Кореяның штаб басшыларының бірлескен комитетіне сүйеніп Yonhap агенттігі хабарлады, деп жазады Азаттық радиосы.
Оңтүстік Корея барлау қызметінің дерегінше, Пхеньян Ресей армиясын қолдауға қосымша әскер және техника жіберуге дайындалып жатқан болуы мүмкін. Хабарламада барлау мәліметтерін талдау қорытындысына сәйкес, Солтүстік Корея Ресейде жүрген сарбаздарын ауыстыруға я көбейтуге дайындалып жатыр деп айтылды.
Сеул Солтүстік Корея Ресейге әскери дрондар жеткізуі мүмкін деп топшылап отыр. Әскер мамандар дрон өндірісі туралы әлдебір белгі бар дейді, ол жайлы ақпарат алғаш рет қараша айында айтыла бастаған.
Оңтүстік Корея мен АҚШ барлау қызметтерінің мәліметінше, Солтүстік Корея билігі Украинаға қарсы соғысып жатқан Ресейге 12 мыңға жуық сарбаз жіберген.