Атырау, 23 желтоқсан 17:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

​Сириядағы террористік ұйымдардың қатарында болған: Атырау тұрғыны сотталды

123 просмотра

Қазақстанның екі азаматына қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеген қылмыстық істер бойынша сот процестері аяқталды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

«Олар 2020-2022 жылдары Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған. Жүргізілген операциялардың нәтижесінде шетелден табылған 2 азамат елге жеткізіліп, қамауға алынды»,—делінген хабарламада.

«Солардың біреуі — Түркістан облысының тұрғыны. Ол террористік топтың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған (Қылмыстық кодекстің 257-бабы).

Екіншісі — Атырау тұрғыны, осындай қылмысты жасағаны, сондай-ақ шетелде террорлық дайындықтан өткені үшін сотталған (Қылмыстық кодекстің 260-бабы).

Екі фигурантқа да әртүрлі жаза өтеу мерзімі тағайындалып, үкімдер заңды күшіне енді»,—деп хабарлады ҰҚК.

Бүгін, 13:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.