Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Панама каналы қайтадан АҚШ-тың қарамағына өтуі мүмкін. Американың қайтадан сайланған президенті Дональд Трамп күтпеген жерден осындай мәлімдемені жасады.
"Панама алатын канал ақысы өте күлкілі, әсіресе АҚШ Панамаға көрсеткен ерекше жомарттығын ескерсек. Біздің елді бұлай "дырду етуді" бірден тыю керек", – деді Трамп.
Траматың айтуынша, Панама каналы ел экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі тұрғысында АҚШ үшін "өте маңызды". Сондай-ақ ол Қытайдың Панама каналын да пайдаланатынына наразылық білдірді. Оның пікірінше, бұл каналды беру жөніндегі келісім шарттарына қайшы келеді.
"Президент Джимми Картер президент болғанда өзінің ақымақтығынан оны бір долларға бере салған, оны Қытай немесе басқа біреу емес, тек Панама ғана басқара алады. Егер бұл сый-сияпатқа қатысты кезінде келісілген моральдық және заңды принциптер сақталмаса, онда біз Панама каналын толықтай әрі ешбір дау-дамайсыз қайтаруды талап етеміз", - деді Трамп.
ХХ ғасырдың басында америкалықтар салған Панама каналы 1977 жылы АҚШ президенті Джимми Картер мен сол кездегі ел басшысы болып тұрған Омар Торрихос арасындағы келісімдерге қол қойылғаннан кейін бейтарап құқыққа ие болды. Құжатқа сәйкес, Панама мұхит маршруттарын бақылауға алды. Ол бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да барлық ұлттардың кемелерінің қауіпсіз және ашық транзитіне кепілдік береді.