Атырау, 23 желтоқсан 14:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Атырауда алғаш рет арнайы генератордың көмегімен жүрекке күрделі ота жасалды

128 просмотра

Операция барысында науқастың барлық ішкі құрылысының жұмысын тоқтатып, жүректің екі қақпашасы ауыстырылды. Екі жақ құлақшынды күйдіру арқылы, жүректің қақпашаларына протез салынды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Науқастың жағдайы отаға дейін ауыр болған. Операцияны облыстық кардиологиялық орталықтың кардиохирургы Мақсат Жантурғанов пен Асылбек Қонысов, анестизиолог Жангелді Кадиров пен перфузиолог Инабат Сүйесинов және Темірболат Лесұлы жасады.

- Науқастың орталыққа келген кездегі жағдайы ауыр болды. Жүрек қақпашалары тарылып, жүрек ырғағы бұзылған еді. Кейін барлық тексерістен өткізіп, отаға дайындадық. 8 сағатқа созылған операция кезінде арнайы генераторды пайдаландық. Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің бақылауында, - деді кардиохирург Асылбек Қонысов.

Айта кетейік, орталықта былтыр 110 ота жасалса, биыл жыл басынан бері 260 операция болған.

Бүгін, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.