Атырау, 23 қараша 14:22
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстанда жұмыстан қуылған мемқызметкерлердің «қара тізімі» жасалады

2 337 просмотра

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев жұмыстан қуылған мемлекеттік қызметкерлердің «қара тізімін» жасау туралы бастаманы мақұлдады. Жоғорғы Кеңеш 2013 жылдың 27-ші шілдесінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға енгізген тиісті толықтыруларды қабылдаған болатын. Ал бүгін мемлекет басшысы аталған құжатқа қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Заң ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Заң жобасында Қырғызстан Республикасы мемлекеттік кадр қызметі мемлекеттік қызметке сай болмай, жағымсыз әрекетке жол бергені үшін жұмыстан шығарылған адамдардың тізімдемесін жасау бекітілген. Оны құрылымдау, енгізу мен басқа да мәселелерді реттеу үкіметке жүктелді.

Дереккөз: bnews.kz

26 шілде 2013, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.